ҰБТ- Ұлттық Бірыңғай Тестілеу

ҰБТ орта мектеп оқушыларының соңғы, әрі қорытынды болып саналатын аттестатқа түсетін бағаларын белгілейтін және жоғары оқу орындарының біріне түсуге жол ашатын экзамен.

ҰБТ емтиханына қатысатындар:

- Орта мектепті аяқтап, жоғары орнына студент болатындар;

- Орта мектептен "Алтын белгі" және басқа үздік белгіге лайықты оқушылар;

- Оқушылар арасында өтіп тұратын ғылыми жоба және олимпиада жеңімпаздары.

ҰБТ-ға қатысу мақсатында өтініштерді 10.03-25.04 аралығында тапсыруға болады. Өтінішке арналған форманы оқушылар өздері білім алған орта мектептерінде толтыруға болады.

Мемлекеттік мемекеме болып табылатын Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ өткізіп, нұсқамалықтар мен бағдарламаларды енгізіп қана қоймайды және өңдейді. ҰБТ өткізілуі барысында әрбір учаскілерде мемлекеттік комиссия құрылып және ҰБТ технологиясының дұрыс өткізілуін Министрліктен келген қызметкерлер жіті бақылауына алады.

ҰБТ негізінен 5 сабақ негізінде: қазақ тілі, орыс тілі, математика, Қазақстан тарихы және оқушының өзі таңдап алған мамандығының негізінде сәйкес пән. ҰБТ-ны тапсыру үшін оқушыға екі жүз он минут уақыт бөлінеді. Тестілеуді екінші рет тапсыру қарастырылмаған.

ҰБТ тестілеу 01.06-10.06 уақыт аралығында жүз елу төрт ҰБТ өткізуге арналған пункттерде өткізіледі, оның ішінде жүз бесі мектептерде өткізіледі екен.

ҰБТ Қазақстан Республикасының орта мектептерге арналған бағдарламасы негізінде өткізіледі.

ҰБТ-ның өткізілуі барысында қолданылған тесттер, тесттердің түп-мағынасы және тесттердің жауаптары Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы екенін ұмытпаңыздар.

ҰБТ-да әр пән негізінде жиырма бес сұрақтан құралады және әр сауалдың дұрыс жауабы 1 балға тең.